“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Сапаны қамтамасыз етудегі студенттер

Студенттердің пікірлері, олардың ұстанымдары мен қажеттіліктері білім сапасы мәдениетін қалыптастырудың маңызды бөлігі болып табылады.

Болон процесі қатысушы-елдердің алдында нақты міндет қойылады – жоғары оқу орны деңгейінде де, ұлттық деңгейде де, жалпы ЖБЕК деңгейінде де сапаны қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру. Бұл ретте студентке білім беру қызметінің негізгі тұтынушысы ретінде ерекше көңіл бөлінеді және студенттің сыртқы бағалау процедураларына қатысуы өзектіленеді.

IAAR, білім сапасын қамтамасыз етуде студенттердің рөлін арттыруға және мүмкіндіктерін кеңейтуге қызығушылық таныта отырып, олардың өкілдерін аккредиттеу, білім беру бағдарламаларын бағалауға және шешім қабылдау процесіне қатысуға тартады.

Осы мақсатта IAAR

  • білім беру саласындағы өзгерістер туралы студенттердің хабардар болуын арттырады;
  • студенттерді толғандыратын мәселелерді, соның ішінде әлеуметтік зерттеулер жүргізу, білім алушылардың пікірін жинау және зерттеу және олардың нәтижелерін жариялау арқылы анықтайды;
  • студенттер-сарапшылар дерекқорын толықтырады;
  • оқу семинарлары мен тренингтер арқылы студенттердің экспорттық әлеуетін арттырады.

Сондықтан IAAR сапасын сыртқы бағалау рәсімдерінің регламентіне сәйкес:

1) студенттерге арналған семинар-тренингтер өткізу;

2) студенттерді іріктеу және сыртқы сараптау комиссиясы құрамына енгізу;

3) студенттердің IAAR алқалық органдарының жұмысына қатысуы;

4) кері байланыс алу үшін студенттерді сұрау;

5) студенттерді білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттарды талқылауға және әзірлеуге тарту.

IAAR қызметіне қатысу студенттерге мынадай мүмкіндіктер береді

  • білім беру бағдарламалары мен жалпы білім беру сапасын арттыру үдерістеріне қатысу тәжірибесін алу;
  • оларды мазалайтын және оларға тап болатын мәселелерді көтеру;
  • білім беру саласындағы үдерістер мен өзгерістер туралы көбірек ақпарат алу;
  • IAAR сарапшысы болу
  • IAAR семинарлары мен тренингтерінде оқудан өту және т. б.
  • білім беруді, оның сапасын басқару саласында тәжірибелік дағдыларды алу.

IAAR түрлі студенттік және жастар ұйымдарымен тығыз байланыста. 2018 жылдың сәуір айында IAAR «Қазақстан студенттер Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандумға сәйкес, тараптар Қазақстан студенттері Альянсының студенттерін IAAR алқалық органдарына және IAAR сараптау комиссиясының құрамына тарту саласында ынтымақтасуға уағдаласты.

Бүгінгі таңда IAAR барлық алқалық органдарына студенттік өкілдер кіреді. IAAR алқалық органдары құрамындағы білім алушының бірдей дауыс беруі және аккредиттеу бойынша шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігі болуы маңызды. Cыртқы сараптау комиссиясы құрамындағы студенттердің өкілі білім алушылардың мүдделерін білдіретін білім беру қызметін тікелей тұтынушы ретінде әрекет етеді.

Сарапшы-студент:

  • жоғары курстардың білім алушылары/магистрант/Phd докторанты болуы тиіс;
  • студенттік бірлестік тарапынан ұсынылуы тиіс;

Іріктеу шарттары:

  • IAAR семинар-тренингіне оқу және сертификат алу;
  • білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жақсы білу;
  • Болон процесінің негізгі ережелерін білу;
  • аккредиттелетін білім беру ұйымымен үлестес болмауы.

Сарапшы-білім алушы сапар алдында болуы тиіс:

  • білім беру ұйымының/білім беру бағдарламасының өзін-өзі бағалау есебімен танысу;

Сапар барысында:

  • білім беру/білім беру бағдарламасының профессорлық-оқытушылық құрамымен және білім алушыларымен сұхбатқа қатысу;
  • студенттер жуне ПОҚ онлайн-сауалнама жүргізуге қатысу
  • әр түрлі сабақтарға қатысу (сыртқы сараптау комиссиясы сапары бағдарламасына сәйкес);
  • білім беру ұйымының/білім беру бағдарламасының материалдық-техникалық базасымен танысу (сыртқы сараптау комиссиясы Төрағасымен келісім бойынша);
  • білім алушылардың білім беру ұйымының/білім беру бағдарламасының жасалған шарттарына қанағаттануын талдау үшін қажетті қосымша ақпаратты сұрау.
  • сыртқы сараптау комиссиясы есебін дайындауға қатысу (өз ұсыныстарын тұжырымдау);

Егер сіз студент болсаңыз және сапалы білім алғыңыз келсе, табысты мансапқа ие болғыңыз келсе, білім сапасын үнемі арттыруға, IAAR қызметінің түрлі іс-шараларна қатысуға мүдделі болсаңыз, онда сауалнаманы толтырып, бізге мына мекен-жайға жіберіңіз exeprt@iaar.kz.

Біз Сізбен хабарласамыз және студенттерге арналған семинарға шақырамыз.

Әріптестер