“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Техникалық және кәсіби білім беру бойынша сарапшылық кеңес

Техникалық және кәсіби білім беру бойынша сарапшылық кеңес IAAR сараптамалық және ақпараттық-консультативтік қамтамасыз етудің тұрақты жұмыс істейтін органы болып табылады.Техникалық және кәсіптік білім беру бойынша сарапшылық кеңестің құрамына 5 мүше кіреді.

Сарапшылық кеңес жұмысының мақсатыIAAR сарапшыларының жұмысын үйлестіру және техникалық және кәсіптік білім беру сапасын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.  Өз қызметінде сарапшылық кеңес Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасын, Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігінде ESG сапаны қамтамасыз ету жөніндегі стандарттар мен басшылықтарды, IAAR Жарғысын және нормативтік құжаттарын, сондай-ақ IAAR аккредиттеу стандарттарын және сарапшылық кеңес туралы Ережені басшылыққа алады.

Сарапшылық кеңестің негізгі міндеттері:

  • IAAR қызметін регламенттейтін, құқықтық құжаттарды (білім беру ұйымдарын және (немесе) білім беру бағдарламаларын институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеу бойынша стандарттар және нұсқаулықтар), ішкі құжаттарды жетілдіру және дамыту бойынша ұсыныстардың сараптамасы;
  • аккредиттеуден кейінгі мониторинг рәсімі бойынша Аккредиттеу Кеңесі бекіткен, сыртқы сараптау комиссиясы тағайындаған ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша білім беру ұйымдарының аралық есептерін сараптамалық бағалау;
  • білім беру ұйымдарының, соның ішінде IAAR Аккредиттеу Кеңесінің шешімі бойынша 1 (бір) жыл мерзімге аккредиттелген білім беру ұйымының және (немесе) білім беру бағдарламасының және (немесе) аккредиттелмеген білім беру ұйымының және (немесе) білім беру бағдарламасының қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
  • IAAR сарапшыларын білім беру ұйымдарын және білім беру бағдарламаларын сараптау бағалауға қатыстыру болып табылады.

Техникалық және кәсіптік білім беру жөніндегі cарапшылық кеңестің құрамы

Гасимов Ринат Гаптулханович

Сарапшылық кеңес төрағасы

ТжКБ мамандықтары үшін үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, білім беру интеграцияланған бағдарламаларын әзірлеуші авторы

Толығырақ

Овчаренко Ольга Григорьевна

Сарапшылық кеңес мүшесі

Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының Омбы филиалы директорының оқу және әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, РФ жалпы білім беру ісінің құрметті қызметкері

Толығырақ

Бейсетбаев Асылхан Косылханович

Сарапшылық кеңес мүшесі

Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, білім берудің құрметті қызметкері, моделдеу және радиоэлектроника саласындағы бірқатар типтік оқу бағдарламалары мен оқу құралдарының авторы

Толығырақ

Мәлікова Маржан Сабырқызы

Сарапшылық кеңес мүшесі

Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Толығырақ

Ермеков Рауан Құрманұлы

Сарапшылық кеңес мүшесі

«Астана қаласының Көлік және коммуникация колледжі» МББК 4 курс студенті, Қазақстан Студенттер Альянсының (АСК) мүшесі

Толығырақ

Гасимов Ринат Гаптулханович

Білімі:

  • Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті, «Педагогика» бағыты бойынша магистр (2014 ж.)
  • Қорған мемлекеттік университеті, «Информатика» мамандығы, информатика мұғалімі (2011 ж.)
  • Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, «Экономика және менеджмент» мамандығы (1999 ж.)
  • Германия, Ұлыбритания, Қазақстанның білім беру орталықтарында тағылымдамадан өту және біліктілікті арттыру

Кәсіби қызмет тәжірибесі:

  • "Talaр" КЕАҚ Worldskills қозғалысын дамыту басқармасының басшысы (2021 ж. - қазіргі уақытқа дейін)
  • "Talaр" КЕАҚ Worldskills қозғалысын дамыту Департаментінің бас маманы (2019 -2021 жж)
  • ТжКБ ұйымдарын аккредиттеу бойынша сарапшы, «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі" КЕМ, Астана қ. (2017-2019 жж.)
  • "Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі" КЕМ ТжКБ ұйымдарын аккредиттеу бойынша жобаның жетекшісі, Астана қ. (2015-2017 жж.)
  • «Кәсіпқор» Холдингі  КЕАҚ бапкері-бас менеджері, Астана қ., (2014-2015жж.)
  • Машина жасау колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, Петропавл қ., (2005-2014 жж.)
  • «Шаңырақ» ЖШС баспа орталығы директоры, Петропавл қ. (2003 – 2005 жж.)
  • №2 Степногорск техникалық лицей директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары, оқытушы, өндірістік оқыту шебері, Степногорск қ., (1999-2001 жж.)

Кәсіби қызмет тәжірибесі:

  • РҒӘО АҚ ТжКБ мамандықтарының пәндері бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларының, білім беретін интеграцияланған бағдарламалардың, үлгілік оқу бағдарламаларының авторы. (2014 ж.)
  • ТжКБ ұйымдарын аккредиттеу бойынша стандарттар мен басшылықтардың тең авторы-әзірлеуші (2015-2018 жж.)

Овчаренко Ольга Григорьевна

Білімі:

  • Омбы мемлекеттік университеті, «Тарих» мамандығы, Тарих және қоғамтану оқытушысы (1987 ж.)
  • «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» бағдарламасы бойынша кәсіби қайта даярлау (2010 ж.)

Кәсіби қызмет тәжірибесі:

  • Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы «Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы» федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесінің Омбы филиалы директорының оқу және әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, (2018ж. шілде – қазіргі уақытқа дейін)
  • Университтік химия-механикалық колледжінің директоры, Мәскеу мемлекеттік технология және басқару университетінің Сібір казак институтының оқу департаментінің бас маманы (2016 – 2018жж.)
  • Омбы облысы Білім Министрлігі Бақылау және қадағалау департаментінің білім сапасын мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы, бастығының орынбасары (2009-2016 жж.)
  • Сібір кәсіптік-педагогикалық колледжі директорының орынбасары (2001-2009 жж.)
  • № 56 орта мектебінің тарих және қоғамтану мұғалімі, директордың оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Омбы қ. (1987-2001 жж.)

Марапаттары:

  • "РФ жалпы білім беру ісінің құрметті қызметкері" төс белгісі иегері (1998 ж.)

Бейсетбаев Асылхан Косылханович

Білімі:

  • Қазақ қатынас жолдары университеті, экономика магистрі (2007-2009 жж.)
  • Қазақ қатынас жолдары университеті, инженер-механик (2004-2007 жж.)
  • Алматы көлік және коммуникация колледжі - электромеханик технигі (1998-2000 жж.)

Кәсіби қызмет тәжірибесі:

  •  Алматы көпсалалы колледжінің директоры (2021 ж. - қазіргі уақытқа дейін )
  • Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары (2011 ж. – 2021 ж.), ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алматы қаласының Білім саласындағы бақылау департаментінің жетекші маманы (қоса атқарушы)
  • Орталық Азия техникалық-экономикалық колледжі тәжірибе меңгерушісі, директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, (2007-2011 жж.)
  • Алматы политехникалық колледжінің өндірістік тәжірибе меңгерушісі, өндірістік оқыту шебері (2000-2007 жж.)

Жетістіктері мен жарияланымдары:

  • «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалында «Политех» бастауыш партия ұйымының төрағасы
  • 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы, 1306000 «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығы бойынша «Электрорадиомонтаж» және «Электрорадиоөлшеу» пәндері бойынша кәсіптік практика бойынша Типтік оқу бағдарламаларының авторы
  • «Өндірістік және экономикалық жүйелерді моделдеу бойынша жаттықтыру сабағы» оқу-әдістемелік құралының авторы

Марапаттары:

  • -ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, (2016ж.)

Мәлікова Маржан Сабырқызы

Білімі:

  • Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті, инженер-жүйетехник, 2004
  • Қазіргі заманғы гуманитарлық-техникалық институты, арнайы пәндер бакалавры, 2010 ж.

Кәсіби қызмет тәжірибесі:

  • Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары (2018 ж. – қазіргі уақытқа дейін)
  • Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі директорының оқу-әдістемелік бірлестік жөніндегі орынбасары (2018 ж. – 2021ж.)
  • Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары (2017 ж. - 2018 ж.)
  • Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары (2012 ж. - 2017ж.)
  • Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі «Есептеу техника» кафедрасынын арнайы пәндер оқытушысы (2008 ж. - 2012 ж.)

Еңбектері мен басылымдары:

  • «ЭЕМ перефериялық құрылғылары», «Электрондық-есептеу техникасы», «Автоматтандырылған байланыс жүйелерін пайдалану», «Енгізілген жүйелер», «Перифериялық ЭЕМ құрылғылары» Кәсіптік практика, 2019 ж. үлгілік оқу бағдармаларының авторы.
  •  «Мехатроника» мамандығы бойынша «Мехатроникада радиоэлектрондық аппаратураны баптау және сынау», 2019 ж., 1304000 «Есептеу техникасы және бағдармалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша, 2016 ж. оқу құралдарының авторы.

Марапаттары:

  • «Халық алғысы» Медалы, ҚР Президенті Қ.Тоқаев, 2020 ж.
  • «Грант Акима» конкурсының жеңімпазы, Алматы қаласы әкімдігі, 2020 ж.
  • «Педагогическая слава» 1 Дәрежелі диплом, «Лучшие в образовании» Халықаралық энциклопедия редакциясы, 2019 ж.
  • Үздік оқытушы 2015 ж., ҚР БҒМ, 2015 ж.
  • «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін» құрмет грамотасы, ҚР БҒМ, 2015 ж.

Ермеков Рауан Құрманұлы

Білімі:

  • 1311000 «Темір жол көлігіндегі жедел технологиялық байланыс қондырғыларын пайдалану» мамандығы 4-ші курс студенті, МҚКП «Көлік және коммуникация колледжі» Астана қаласы

Жетістіктері:

  • Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бағдарламасы «Рухани заңғыру» аясында колледж студенттері арасында пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша «Үздік спикер»

Әріптестер