“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Бақылау кеңесі

IAAR бақылау кеңесі алқалы орган ретінде білім беру сапасын арттыру жөніндегі қоғамның, мемлекет пен бизнестің сұраныстарын тиімді қанағаттандыруға, аккредиттеу қызметі саласындағы ұлттық заңнама мен халықаралық стандарттардың талаптарын орындауға, IAAR дамуын стратегиялық басқару жөніндегі ұсынымдарды, оның қызметінің негізгі бағыттарын әзірлеуге бағытталған IAAR қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін құрылған.

Бақылау кеңесінің негізгі құзыреті:

  • IAAR даму стратегиясынқараужәнекелісу;
  • IAAR қызметінің басым бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • IAAR Даму стратегиясын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу және іс-шаралар жоспарларын келісу;
  • Уәкілетті органға және шетелдік аккредиттеу органдарына ұсынылатын IAAR қызметі туралы негізгі құжаттарды қарау, олар бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеу;
  • IAAR қызметі туралы жылдық есептерді және кейінгі кезеңге арналған жоспарларды қарау және келісу;

 

Бақылау кеңесінің құрамы 

Айтимова Бырганым Сариевна

Бақылау кеңесінің төрағасы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы сенаторлар Кеңесі төрағасының орынбасары, Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі

Толығырақ

Игорь Эмри

Бақылау кеңесінің мүшесі

Словения Халықаралық Инженерлік академиясының Словения бөлімшесінің президенті (Словения), техника ғылымдарының докторы, профессор, Словения Республикасы Ғылым және өнер академиясының академигі

Толығырақ

Каринова Шолпан Танатовна

Бақылау кеңесінің мүшесі

«AMANAT» партиясының хатшысы

Толығырақ

Ғайыпов Зұлфухар Сұлтанұлы

Бақылау кеңесінің мүшесі

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Басқару институтының директоры, саяси ғылымдар докторы, доцент

Толығырақ

Канафина Сара Жангельдиевна

Бақылау кеңесінің мүшесі

Назарбаев Университеті, Медицина мектебі, «Қоғамдық денсаулық сақтау» бағдарламасының магистранты

Толығырақ

Айтимова Бырганым Сариевна

Білім:
- А. С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты. (1974)
- әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті. (1994)

Кәсіби қызмет тәжірибесі:
- Қазақстан Республикасының жастар ісі, туризм және спорт министрі (1993-1996);
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Депутаты (01.1996-10.1996);
- Қазақстанның Израильдегі елшісі, Италиядағы Елшісі (10.1996);
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары (14.05.2004-13.12.2005);
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (13.12.2005-10.01.2007);
- Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі (12.02.2007-08.2013);
- Кубадағы Елші (05.2007-08.2013); Соломон аралдарындағы Елші (08.2012-08.2013)

Басқа лауазымдар:
- КОКП мүшесі (1977-1988);
- "Қазақстанның Халық бірлігі" Одағының мүшесі;
- "Қазақстанның Халық Конгресі" партиясының саяси атқарушы комитетінің мүшесі (1993);
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы сенаторлар Кеңесінің мүшесі (20.09.2019 ж. бастап)

Сайланбалы қызметтері, депутаттық:
- 12-ші сайланған Қазақстан Республикасы ҚК депутаты (ЛКЖО-дан) (1990), Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы (1990-1993);
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (1996, Президент болып тағайындалды)
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Депутаты (08.2013-12.08.2019),
- Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі (17.10.2014-12.08.2019),
- Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы (09.2017-12.08.2019);
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы сенаторлар Кеңесі төрағасының орынбасары (09.2019 бастап)

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:
- ІІ дәрежелі "Достық" (12.2006), "Құрмет" (2001), "Құрмет Белгісі" (1984) ордендерінің иегері
- Медальдар: "БЛКЖО 100 жыл" мерейтойлық медалі (10.2018)
- ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы;
- Белсенді жұмысы үшін алғыс (11.2017)

Игорь Эмри

Білімі:

  • Техника ғылымдарының докторы, профессор,
  • Словения Республикасы Ғылым және өнер академиясының академигі

Кәсіби қызмет тәжірибесі:

  • Словения Халықаралық Инженерлік академиясының Словения бөлімшесінің президенті (Словения)
  • Тұрақты инновациялық технологиялар институтының директоры (ISIT, Словения)
  • Любляна университетінің машина жасау факультетінің эксперименттік механика орталығының басшысы
  • Любляна университетінің «Полимерлер және композиттер механикасы» кафедрасының меңгерушісі

Қоғамдық қызметі:

  • Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жөніндегі еуропалық ұйым қауымдастығының ғылыми-консультативтік комитетінің төрағасы (Science Europe)
  • Халықаралық реологиялық комитетінің президенті

Жетістіктері мен жарияланымдары:

  • Техника ғылымдарының докторы, профессор, Словения Республикасы Ғылым және өнер академиясының академигі
  • SCENIHR комитетінің төрағасы (денсаулық үшін қалыптасқан және жаңадан анықталған қауіп-қатерлер жөніндегі ғылыми комитет)
  • Калифорния технологиялық институтының шақырылған профессоры (Пасадена, Калифорния, АҚШ)
  • Erasmus Mundus ұлтаралық және пәнаралық білім беру бағдарламасының ғылыми Комитетінің мүшесі

Марапаттары:

  • Алтын белгі сыйлығының лауреаты (Ресей)
  • Лазан (АҚШ) сыйлығының және басқа да беделді ғылыми ұйымдардың сыйлықтарының лауреаты

Каринова Шолпан Танатовна

Білімі:

  • Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институты (1994)

  • Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті (2016)

Кәсіби қызметінің тәжірибесі:

  • Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, Шкалов орта мектебі, Солтүстік Қазақстан облысы (1998-1999);

  • Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, Ленинград орта мектебі, Солтүстік Қазақстан облысы (2000-2002);

  • Жалпы психология, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, Көкшетау медициналық колледжі (2002);

  • Тайынша ауданы №5 орта мектебінің директоры, Солтүстік Қазақстан облысы (2004-2005);

  • Тайынша ауданының Білім бөлімінің бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы (2005-2008);

  • Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы бастығының орынбасары, Петропавл қаласы (2009-2012);

  • Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары, Петропавл қаласы (2012-2013);

  • Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы, Петропавл қаласы (2013-2017);

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры (2017-2018);

  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары (2018-2019);

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым бірінші вице-министрі (2019-2022);

  • Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі (2022-2023);

  • «AMANAT» партиясының хатшысы (2023 ж. – қазіргі уақытқа дейін).

Басқа лауазымдары:

  • ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі (2025).

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, «Шапағат», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі, «Ерен еңбегі үшін» медалі.

Ғайыпов Зұлфухар Сұлтанұлы

Білімі:

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (1993)

Кәсіби қызметінің тәжірибесі:

  • Саясаттану кафедрасының ассистенті, философия және саясаттану факультеті деканының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары;

  • Білім және ғылым министрлігінің «Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіндегі» басқарма басшысы (2010-2012);

  • Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары (2012);

  • «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК директоры (2013-2022).

Басқа лауазымдары:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі (2022);

  • Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы (2022 ж. – қазіргі уақытқа дейін).

Сайланбалы лауазымдар, депутаттық:

  • Астана қалалық мәслихатының депутаты (2016).

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

  • Медальдар: «Ерлігі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Батыр шапағаты».

Ғылыми, әдеби еңбектері, жарияланымдары:

  • Саяси жаһандану мәселелері бойынша 70-тен астам ғылыми мақаланың, 1 оқу құралының және 1 монографияның авторы.

Канафина Сара Жангельдиевна

Жетістіктер:

- Қазақстан жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығының волонтері, "Не табу" жобасындағы мақалалардың авторы (2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін);
- Назарбаев Университетіндегі қан донорлығы департаментін басқаратын Қызыл Жарты Ай мүшесі (2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін);
- Студенттік өмірді дамытуға қосқан зор үлесі және Қызыл Жарты Ай қоғамындағы қан донорлығы бөлімінің басшысы ретінде Назарбаев Университеті студенттері арасында қан донорлығы туралы хабардарлықты арттыру үшін Құрмет грамотасы;
- "Бақытты Шаңырақ мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау және көмек көрсету, тұрақты даму қайырымдылық қоры" қоғамдық қорының әлеуметтік-білім беру жобасына көрсеткен қолдауы үшін алғыс хат (2021ж.);
- Әлеуметтік осал отбасылардың балаларына ағылшын және математика пәндерін оқыту бойынша "I-Helper" әлеуметтік-білім беру жобасына көрсеткен қолдауы үшін алғыс хат (2021-2022 жж.);
- Мәншүк медиа баспасында тағылымдама (ақпан-мамыр 2021 ж.).

Әріптестер