Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) 2018 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы қорымен бірге «Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша ІІ Орта-Азиялық Халықаралық Форумын» өткізеді. (Астана қ., Назарбаев Орталығы, Ә.Бөкейхан көшесі, 10, конференц-залы).
Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Беларуссияның Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері, жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету халықаралық еуропалық желілер, шетел аккредиттеу органдарының, білім беру саласында халықаралық ұйымдарының (Бельгия, Венгрия, Германия, Нидерланды, Латвия, Молдова, Ресей), қазақстандық және шетел ЖОО басшылары, студенттер мен жұмыс берушілер қатысады. Форум бағдарламасы.
Әріптестер