“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША VII ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ

2023 жылдың 6-7 қазанда Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің ұйымдастыруымен «Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша VII Орталық Азия халықаралық форумы: «Білім берудің тұрақты болашағы – сапа және бәсекеге қабілеттілік: шындықтар мен басымдықтар» өтті. ( Астана қ., Оқушылар сарайы).

Жыл сайынғы Халықаралық форумның негізгі мақсаты – цифрлық трансформация және жаһандық өзгерістер жағдайында білім беру саласындағы озық тәжірибені талқылау және алмасу үшін халықаралық диалог алаңын құру.

Халықаралық форумға 300-ден астам адам қатысты. Оның ішінде мемлекеттік органдардың, жоғары білім сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық желілердің өкілдері, Қазақстан, Ресей, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Молдова және т.б. жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.

Халықаралық форумның пленарлық отырысын Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің бас директоры Жұмағұлова Алина Бақытжанқызы ашып, білім сапасын арттырудың негізгі басымдықтары туралы айтып, Орталық Азия және Еуропа елдеріндегі аккредиттеу тәжірибесімен бөлісті.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки құттықтау сөз сөйледі.

Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің Еуропалық тізілімінің (EQAR) президенті Стефан Ловик Халықаралық форумға қатысып, білім беруді трансформациялаудағы заманауи үрдістер және әлемдік білім беру қауымдастығы алдында тұрған міндеттер туралы баяндама жасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Халықаралық форум аясында «Білім беру жүйесін дамытудың жаһандық сын-қатерлері мен тенденциялары», «Цифрлық трансформация жағдайындағы ғылыми және білім беру үлгілері мен технологияларын дамыту» және «Медициналық білім сапасын қамтамасыз ету» панельдік сессияларында» келесі негізгі мәселелер талқыланды:

- жаһандық өзгерістер жағдайында жоғары білім сапасын және тәуелсіз аккредиттеуді қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу;

- сапа мәдениетін және кәсіби қоғамдастықты қалыптастыруды насихаттайтын халықаралық желілермен, агенттіктермен, университеттермен ынтымақтастықты кеңейту;

- халықаралық стандарттарға және академиялық қоғамдастық пен халықаралық еңбек нарығының конструктивті өзара әрекеттестігіне сәйкес студенттерге білім берудің, білім беру бағдарламаларының және оқыту траекториясының сапасын арттыру.

 

Форум баяндамашыларының презентациясы

 

Жумагулова А.Б. «Качество и конкурентоспособность образования будущего»

Абдрасилов Б. С. «Устойчивое развитие университета как стратегия развития»

Әмірбекұлы Ержан «Подготовка педагогических кадров: новая образовательная реальность»

Таубаев А.А. «Международный опыт сертификации выпускников университета по стандартам профессиональной ассоциации менеджмента CMI»

Амиргалиева С. Н. «О вопросах расширения интернационализации отраслевого образования»

Мухамбетова А. А. «Повышение качества образовательных программ»

Асланова Н. М. «Современные проблемы и тренды высшего образования»

Расулов Т. Х. «Тенденции развития научных исследований и образования»

Жакупов К. Б. «Подготовка авиационных кадров в Академии гражданской авиации»

Казаков А. А. «Современные глобальные тенденции в образовании»

Бахитова А. К. «Важность активной жизни в студенческом возрасте»

Омирбаев С. М. «Обеспечение качества высшего образования: новый взгляд на национальную модель»

Рахметуллина С. Ж. «Инженерное образование в контексте международных стандартов CDIO: опыт ВКТУ им. Д.Серикбаева»

Хикметов А. К. «Аспекты качества онлайн образования: опыт МУИТ»

Сарсенбекова Г. А.«Цифровая трансформация инженерного образования: технологии и цифровые компетенции»

Элеманова Р. Ш. «Цифровая трансформация инженерного образования в Кыргызской Республике»

Скиба М. А. «Инновационные образовательные программы – ответ на вызовы времени и экономики»

Турмухамбетова А. А. «Трансформация медицинского образования РК. Опыт Медицинского университета Караганды»

Дюсупов А. А. «Современные тенденции триединства образования, науки, клиники как важный фактор обеспечения качества медицинского образования»

Калиев А. А. «Интеграция медицинского образования и практики в ЗКМУ имени Марата Оспанова»

Эмиль Чебан «Роль научных исследований в обеспечении качества медицинского образования в Республике Молдова»

Изденов А. К. «Качество подготовки медицинских кадров в Республике Казахстан»

Ремизов О. В.,Гурина А. Е. «Стратегия развития медицинского вуза: факторы повышения конкурентоспособности»

Калматаева Ж. А. «Пути повышения качества высшего медицинского образования в Казахстане»

Есиркепов М. М. «Роль науки и мотивация научной деятельности в медицинском вузе»

Ерёменко В. В. «Современные стратегии повышения квалификации преподавателей, как составляющая часть системы обеспечения качества медицинского вуза»

Махмудзода Х. Р. «Синергия искусственного интеллекта и CBL в медицинском образовании»

Мельникова А. Я. «Опыт Башкирского государственного медицинского университета в реализации внутренней системы качества»

Ділдабек Т. Қ. «Вклад медицинских студентов в адвокацию аккредитации и обеспечения качества»

 

Форумның фотосуреттері келесі сілтеме бойынша қол жетімді

 

Форум туралы БАҚ өкілдері

 

VII ЦЕНТРАЛЬНОАЗИАТСКИЙ ФОРУМ ПО ОБЕСПЕЧЕНИЮ КАЧЕСТВА ОБРАЗОВАНИЯ ПРОХОДИТ В АСТАНЕ 

ЕЛОРДАДА ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТРЕНДТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

КАЧЕСТВО ОБРАЗОВАНИЯ В КАЗАХСТАНЕ

 

VII Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша орталық азиялық халықаралық форумының бағдарламасы

Әріптестер