“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША VIII ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ

2024 жылғы 4 қазанда білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша " Білім беру сапасын арттыру – ақпараттық кеңістіктегі жоғары оқу орындарының стратегиялық даму феномені ретінде " атты VIII Орталық Азия Халықаралық форумы өтті. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) өткізетін жыл сайынғы Форум Astana IT-University базасында өтті.

Халықаралық форумның ашылуында IAAR Бас директоры Алина Бақытжанқызы Жұмағұлова сөз сөйлеп, Агенттік қызметінің нәтижелері, Орталық Азия мен Еуропа елдеріндегі сапаны қамтамасыз ету жүйесін дамытудың заманауи трендтері мен перспективалары туралы айтты.

Форум жұмысына жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың (ENQA) Президенті Дуглас Блэксток және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық Тізілімнің (EQAR) президенті - Стефан Ловик, мемлекеттік органдардың, жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің халықаралық желілерінің өкілдері, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Франция, Ұлыбритания, Гонконг, Түркия, Молдова, Армения, Латвия жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі – Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы құттықтау сөз сөйлеп, медициналық білім беру сапасын жақсартудағы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің рөлін ерекше атап өтті.

ҚР ҒжЖБМ вице-министрі Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің атынан құттықтау сөз сөйлеп, жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің ерекше рөлін және цифрлық қайта құру жағдайында аккредиттеудің маңыздылығын арттыруды атап өтті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының президенті – Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы өзінің құттықтауында жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету тетігін қалыптастыру кезеңдерін атап өтіп, мемлекеттің және IAAR-дың аккредиттеуді дамытудағы үлкен ілгерілеуін атап өтті.

Халықаралық форумның негізгі мақсаты - Орталық Азия және Еуропа елдерінің жоғары оқу орындарының білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету, түлектерді жұмысқа орналастыру және олардың сұранысына ие болу.

Халықаралық форум аясында жоғары білім беру сапасын арттырудың өзекті мәселелері бойынша жемісті тәжірибе алмасу өтті, бұл білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер векторын анықтауға және Орталық Азия мен Еуропа елдерінде білім беру сапасын арттыру жолдарын анықтауға мүмкіндік берді. Панельдік пікірталастарда білім беру сапасын арттырудың негізгі мәселелері, сапаны қамтамасыз етуді сыртқы және ішкі бағалау, интернационалдандыруды кеңейтудің заманауи тетіктері, бірлескен бағдарламаларды енгізу және серіктестікті дамыту, жасанды интеллекттің білім беру жүйесінің архитектурасын дамытуға әсері, оның артықшылықтары мен перспективалары талқыланды. Медициналық білім беру сапасын қамтамасыз етуге, ғылым мен практиканы интеграциялауға, симуляциялық оқыту технологияларын енгізуге, сондай-ақ медициналық кадрларды даярлау деңгейін арттыруға ерекше назар аударылды.

 

Форум баяндамашыларының презентациясы

Жұмағұлова А.Б.

Хикметов А.К.

Дуглас Блэксток

Albert Chow

Douglas Blackstock

Сейдахметов Б.К.

Омирбаев С.М.

Тошматов Ш.А.

Исламкулов A.Х..

Сырымбекова Э.И.

Азизова Ф.Л.

Калматаева Ж.А.

Форумның фотосуреттері келесі сілтеме бойынша қол жетімді 

 

Форум туралы БАҚ өкілдері

 

Білімді Ел №37(435)

VIII Центрально-Азиатский  Международный  Форум по обеспечению качества образования

Международный  Форум в Астане 

Качество медицинского образования обсудили на площадке форума в Астане


 

VIII Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша орталық азиялық халықаралық форумының бағдарламасы

Әріптестер