V Орталық Азиялық Халықаралық Форум
04.10.2021
2021 жылдың 1-2 қазанында Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) 10 жылдығына арналған «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: жаһандық трендтер мен аймақтық аспектілер» V Орталық Азиялық Халықаралық Форум өтті. Форум Нұр-Сұлтан қаласында, Астана IT университетінде өткізіліп, оған офлайн және онлайн форматында 600-ден астам қатысушылар жиналды. Халықаралық форумға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей, Беларусь және Украинаның Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері, халықаралық еуропалық жоғары білім сапасын қамтамасыз ету желілерінің, шетелдік аккредиттеу органдарының және білім беру саласындағы халықаралық ұйымдардың басшылары (Бельгия, Венгрия, Германия, Нидерланды, Греция, Ресей, Болгария, Түркия, Үндістан, Латвия, Молдова және т.б.), қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ректорлары, студенттер мен жұмыс берушілер қатысты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы - Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев форум қатысушыларына құттықтау сөз жолдап, Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) білім беру қызметтерінің сапасын жақсартудағы үлкен үлесін және әлемдік деңгейде мойындалуын ерекше атап өтті.
Пленарлық отырысты ҚР Білім және ғылым министрі - Асхат Қанатұлы Аймағамбетов ашып, Қазақстанда тәуелсіз аккредиттеу секторының халықаралық стандарттар мен ESG талаптары негізінде үйлесімді түрде жұмыс атқарып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, білім беру сапасын қамтамасыз етудегі Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) он жылдық белсенді шығармашылық қызметі барысындағы шешуші рөліне айрықша тоқталды.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі - Цой Алексей атынан Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) ұжымына құттықтау сөздер айтылды. Құттықтауда WFME (Дүниежүзілік Медициналық Білім Беру Федерациясы) халықаралық стандарттары негізінде медициналық білім беру сапасын арттырудағы Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) зор үлесін баса айтып өтті.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі - Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) халықаралық аккредиттеуінен өтуді аграрлық білім берудің мәртебесін арттырудың маңызды бағыты ретінде атап өтті.
ҚР Мәдениет және спорт министрі - Райымқұлова Ақтоты Рахматоллақызы шығармашылық пен мәдениет саласындағы жоғары оқу орындарының сапасын қамтамасыз етуге қосқан зор үлесі үшін Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігіне (IAAR) өз алғысын білдірді.
Жалпы пленарлық отырыста Тәжікстан Республикасының Білім және ғылым министрі,
Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі,
Беларусь Республикасының Білім министрлігі, Әзербайжан Білім министрлігі, Білім беру саласындағы Ұлттық аккредиттеу агенттігінің «Росаккредагентство» директоры және Орталық Азия мен Еуропа елдерінің басқа министрліктері мен ведомстволары, сонымен қатар жоғары оқу орындары басшылары құттықтау сөз сөйледі.
IAAR Форумдарына және өткізетін іс-шараларға үнемі қатысатын, Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің Еуропалық тізілімінің (EQAR) Президенті - Карл Дитрихтің жылы үндеуі мен құттықтау cөздерін ерекше атап өтуге болады.
Дүниежүзілік Медициналық Білім Беру Федерациясының (WFME) Президенті - Дэвид Гордон Агенттікті мерейтойымен шын жүректен құттықтап, оның медициналық білім сапасын арттырудағы зор рөлін ерекше бағалады.
Еуропалық жоғары білім сапасын қамтамасыз ету қауымдастығының (ENQA) директоры Maria Kelo құттықтау сөзі
Сонымен қатар, келесі халықаралық желілердің басшылары құттықтау сөз сөйледі: Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің халықаралық желісі президенті (INQAAHE)
Сапаны қамтамасыз ету бойынша Азия-Тынық мұхиттық тізілімінің төрағасы (APQR)
Академиялық саралау мен үстемдік бойынша халықаралық обсерватория президенті (IREG)
Ислам әлемі мемлекеттерінің білім беру сапасының кепілдігі агенттіктері қауымдастығы (IQA) президенті
сондай-ақ Түркия, Молдова, Латвия, Украина және Румыния ұлттық агенттіктерінің өкілдері Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) прогрессивті даму жылдарындағы жоғары жетістіктерін атап өтті.
Форум аясында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) және Білім сапасын қамтамасыз ету агенттігі (TKTA) арасында білім сапасын қамтамасыз ету саласында тиімді ынтымақтастық орнату мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) 10 жылдық белсенді қызметінде әлемдік білім беру қауымдастығында ерекше беделге ие болып, халықаралық масштабтағы жетекші аккредиттеу агенттігіне айналды.
IAAR Халықаралық форумы білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша тәжірибе алмасуға, цифрлық трансформациялану шарттарындағы білім беру процесіне қатысатын барлық мүдделі тараптардың ортақ қызығушылықтары негізінде жоғары оқу орындары, жұмыс берушілер, басқа да мүдделі тараптар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл мәселелерін талқылауға, және ең бастысы, Орталық Азия мен Еуропадағы білім сапасын арттыру жолдарын анықтауға мүмкіндік берді.
Мотова Г.Н. «Білім беру сапасын қамтамасыз етудің халықаралық тәсілдері»
Стома И.О. «Гомель мемлекеттік медицина университетінде оқытудың инновациялық әдістері»
Шиян Д.Н. «Білім беру және тәрбие сапасы»
Школьник И.О. «Украина Сумы мемлекеттік университеті»
Кожобеков К.Г. «Қоғам және білім»
Брацихин А.А. «Ресейдің жоғары білім беру жүйесіндегі білім сапасын бағалау және мониторинг»
Белых Ю.Э. «Студентке орталықтандырылған оқытуды дамыту стратегиясы»
Димитров Д. В. «Постковидтік жағдайдағы білім сапасын дамытудың стратегиялары»
Менлибекова Г.Ж. «Студентке орталықтандырылған тәсіл жоғары білім беру әдістемесі ретінде»
Золотарева И.А. «Сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесіндегі стейкхолдерлердің рөлі»
Мукаев Ж.Т. «Шәкәрім университеті: тәуекелдерді басқару және стратегиялық даму бағдарлары»
Фетинюк В.Н. «Интернационализация - білім сапасын қамтамасыз етудің маңызды факторы ретінде»
Тамьяров А.В. «Педагогикалық дизайн жоғары білімді дамытудың заманауи факторы ретінде»
Скиба М.А. «Студентке орталықтандырылған оқыту - жаңа мағыналар мен мүмкіндіктер»
Ключко Р.Н. «Университеттің цифрлық трансформациясы: озық тәжірибелер мен қазіргі тенденциялар»
Пак Ю.Н. «Құзыреттілікке негізделген әдіс форматында жоғары білім сапасын қамтамасыз ету»
Грошева Л.И. «Білім беру ортасындағы инновацияның әлеуметтік тәуекелдер»
"1 Канал Евразия"
"Атамекен бизнес" арнасы
"Казах ТВ" арнасы
Qazaq TV: V Орта Азиялық халықаралық форумы өтті
Казахстанская правда №5834 11.10.2021
Білімді ел №38 (292) 12.10.2021
Әріптестер